"Жаңа Қазақстан. Таза табиғат" республикалық экологиялық акциясы

2023 жылдың 21 қазанында "Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы" РММ-де "Жаңа Қазақстан. Таза табиғат" республикалық экологиялық акциясы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында мекеме қызметкерлері тазалық жұмыстары мен жасыл желек отырғызуды іске асырды.
Мекеменің ауласына Арал теңізі өңіріне бейім өсімдік ретінде сексеуіл ағашының өскіндері мен дәндері егілді.

Акцияның мақсаты - ел халқын өңірлердің экологиялық жағдайын жақсарту ісіне біріктіру.
Осындай іс-шараларға табиғатқа жанашыр ұрпақты тарту - жұртшылық арасында экологиялық сананы арттыруға және де экологиялық бастамаларды дамытуға мүмкіндік береді.

#жаңақазақстан
#тазатабиғат