Қорықтың күзет қызметін 15 мемлекеттік инспекторлар жүргізеді. Қорықта күзеттің бәсең және белсенді әдістері қолданылады.
Бәсең күзетке аумақтың осал тұстары мен жалпыға бірдей жолдар бойына ескерту және ақпараттық аншлагтар мен белгілер орнатудан тұрады. Жыл сайын кордондарды жөндеу, аншлагтарды сырлау және жаңаларын орнату жұмыстарын күзет қызметі бөлімінің қызметкерлері жасайды.
Күзет қызметі бөлімінің жұмысы сонымен қатар, жергілікті халықпен қатынасқа да байланысты. Мемлекеттік инспекторлар табиғат қорғау заңнамалары мен қаскерлік жасау кезіндегі құқықтық жауапкершілік тақырыптарына дәрістер оқиды, сондай-ақ, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар түрін сақтап қалу қажеттілігі туралы әңгімелесулар жүргізеді.
#менорманшымын
#ялесник
https://barsakelmes.kz/kz/zhanaly-tar/743-barsakelmes-ory-yny-k-zet-yzmeti-b-se-k-zet.html#sigFreeIdecc1d885c7