Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығында Еңбек күніне орай салтанатты жиын өткізілді. Жиында мекеменің бас директоры Х.Қаниев ұжымдастарды мейраммен құттықтай келе бірқатар қорық қызметкерлерін марапаттады.
Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының күзет бөлімі басшысы Ғ.Базарбаев пен мемлекеттік инспектор Р.Алдамжаров "Арал теңізін құтқаруға қосқан үлесі үшін" Халықаралық Аралды құтқару қорының арнайы төсбелгілерімен марапатталды.