Жыл сайын Әлемдік мұра комитеті "әлемдік мұра объектісі мәртебесін" береді. Бұл мәртебенің басты ерекшелігі - қайталанбас табиғи кешендердің біртұтастығы мен қауіпсіздігін сақтауға қосымша кепіл болады. Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы 1939 жылы құрылған. Қорық тарихына Арал теңізінің апаты тікелей әсерін берді. Қазіргі таңда Барсакелмес қорығының негізгі мақсаттарының бірі - қорық аумағындағы кепкен теңіз ұлтанында және оған жақын орналасқан жерлерде өсімдік жамылғысының жаңадан қалыптасуын және жаңа жағдайларға бейімделген жануарлар түрлерін ғылыми бақылау және қорғау болып табылады. Сонымен қатар, қорықтың символына айналған - Қызыл кітапқа енгізілген құландарды қорғау және санын арттыру басты міндет. Айта кетейік, 2016 жылы Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваттарының әлемдік жүйесіне енген болатын.