«Барсакелмес» мемлекеттік табиғи қорығы аумағын қорғаумен 15 мемлекеттік инспектор айналысады. Қорықта​ белсенді және бәсең қорғаныс жүйесі толығымен қолданылады. Қорықтың​ бәсең күзет жүйесінде қорыққа кіретін барлық жолдарда табиғат қорғау​ туралы​ ​ 4 панно және 13 аншлаг, өрт қауіпсіздігі туралы​ 9 аншлаг және​ 3 шлагбаумдар бар. Барлық аншлагтар, панолар мен шлагбаумдарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.