Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы қызметкерлері Арал аудандық Төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесіп, дала және орман өрттерінің алдын алу бойынша оқу-тактикалық жаттығуын жүргізді. Іс-шараға Арал аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі, Барсакелмес МТҚ және Арал ауданы орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінен 7 техника (3 өрт сөндіру транспорты мен 4 УАЗ автокөліктері) және 40 қызметкер жұмылдырылды.