Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының бас директоры Х.Қаниев ұжымды төл мереке - қоршаған орта күнімен құттықтап, толағай табыстар тіледі. Салтанатты жиналыс барысында қорықтың жетістіктері аталып, алдыға қойылған жоспарлар мен мақсаттарға тоқталды.
Сонымен бірге, табиғат қорғау ісі мен республикалық "Парктер шеруі" - 2023 акциясына қосқан үлестері үшін "Жастар" бағдарламасы бойынша тәжірибеден өтуші Кеңесова Айнұр мен Қорған Жұлдыз Алғыс хаттармен марапатталды.