2023 жылғы әуе санағы деректеріне сәйкес киіктердің үш популяция саны биыл 597 мың басқа артты, яғни 45,3% -ға. Олардың ішіндегі ең көп Орал популяциясының саны 1,13 млн. дарақ, Бетпақдала – 745 300, Үстірт-39 700.
Естеріңізге сала кетейік, киіктердің санын анықтау мақсатында елімізде 15 сәуір мен 5 мамыр аралығында әуе санағы жүргізілді. Аталмыш жануарларды санауға «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық инспекция қызметкерлері, сонымен қатар Қазақстандағы биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының ғылыми мамандары жұмылдырылған.

Ақпарат @qazfwc

Фото: Шпигельман Михаил Йосифович