1983 ж Халықаралық тарихи ескерткіштерді және тарихи орындарды қорғау күні сәуірдің 18 күні болып ЮНЕСКО-мен қабылданған. Басты мақсат - жас ұрпақты тарихи құндылықтарымызбен таныстыру, тарихи ескерткіштеріміз, мәдени мұраларымызды қастерлеп сақтауға, құрметтеуге шақыру. Осы орайда ауданымыздың №2 Облыстық мамандандырылған мектеп-лицейінің оқушыларына Барсакелмес қорығындағы ескерткіштер мен тарихи мекендерді қорғау тақырыбында ғылым бөлімінің қызметкері Ж.Қалдығұлова танымдық жұмыстар жүргізді. Іс-шарада Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағында орналасқан X—XII ғасырлардан бері сақталған сәулет өнері ескерткіші – Бегім-Ана кесенесімен таныстырылды. Мұнара шикі кірпіштен тұрғызылған, екі қатар күйдірілген кірпішпен қапталған орта ғасырлық сәулет ескерткіші болып табылады. Биіктігі 10,5 м. Жоғары қарай сәл қусырыла келген сегізқырлы призма пішінді, төбесі пирамида болып біткен. Бегім – Ана кесенесі республикалық маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіштер қатарында.
https://barsakelmes.kz/kz/zhanaly-tar/523-khaly-araly-tarikhi-eskertkishterdi-zh-ne-tarikhi-oryndardy-or-au-k-ni.html#sigFreeId853175a906