2023 жылдың сәуір айының 11 күні Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министірлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы" РММ-нің 2023 жылдың өрт қауіпті маусымында Арал ауданы аумағында орман және дала өрттерінің алдын-алу және жобалау жөніндегі іс-шараларына байланысты оқу-жаттығу өткізілді. Аталмыш іс-шараға Арал ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің, Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы және Арал ауданы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері қатысты. Оқу-жаттығуға 8 техника және 55 адам жұмылдырылды.
🔥🔥🔥🔥🔥
Сонымен бірге, Барсакелмес қорығының "Парктер шеруі"-2023 акциясы жоспарына сәйкес өрт қауіпті кезең уақытында "Дала өрттерінің қауіпі" атты дәріс-сабақтар мен кездесулер ұйымдастырылмақ.