Кәдімгі көксерке – (лат. Sander lucioperca) алабұға (Percidae) тұқымдасынан шыққан сәулелі балықтардың түрі. Көксерке Шығыс Еуропа мен Азияның Тұщы су айдындарында кең таралған, Балтық, Қара, Азов теңіздері, Каспий, Арал теңізі, Ыстықкөл және Балқаш көлдері бассейндерінің өзендерінде, сондай-ақ аталған теңіздердің басқа да көлдері мен тұщыландырылған учаскелерінде кездеседі.
Ұзындығы бір метрден асатын және салмағы 10-15 кг-ға дейін жететін ірі балықтар болып табылады, бүйір сызығында 80-97 қабыршақтары бар. Арқа және басының жоғарғы жағы жасыл-сұр түстес. Бүйірлерінде қоңыр-қара түсті көлденең қысқа орналасқан 8-12 жолақтары бар. Жұптасқан және анальды қанаттары сұр-сары, ал арқа және құйрық қанаттарында сәулелер арасында орналасқан қара дақтардың қатарлары болады.
Көксерке тұщы және тұзды суларда мекендеп, жартылай өтпелі формаларды құрайды. Уылдырық шашу кезеңі көктем айында , судың температурасы шамамен 12 градусқа жеткенде өтеді. Уылдырық шашу үшін таяз жерлерді, ағаштарды, әдетте су басқан бұталардың түбін керек етеді. Аталығы жұмыртқа салатын орынды таңдап, оны лайдан тазартады. Уылдырықтары кішкентай, сарғыш түстес болып келеді. Майшабақтары дене мөлшері 8-10 см-ге жеткенше алдымен ұсақ омыртқасыздармен қоректенеді, содан кейін ересектері жазда көп кездесетін басқа балық түрлерінің жас балықтарын тамақтандыруға толығымен ауысады, өйткені ол көксеркенің әлдеқайда тез жетілуіне әсер етеді. Өмірінің 2-ші жылында жақсы тамақтану жағдайында көксерке 500-800 граммға дейін жетіп, 3-4-ші жасында алғаш рет уылдырық шашады.
#Барсакелмес_МТҚ
#Барсакельмесский_ГПЗ
#БМТҚ_жануарларəлемі_айдары
#рубрика_животныймир_БГПЗ #ихтиофауна
#барсакелмес #барсакелмес_мтқ #барсакельмес #барсакельмесский_гпз #barsakelmesnaturereserve #barsakelmes_reserve #barsakelmes #barsa
https://barsakelmes.kz/kz/zhanaly-tar/377-k-dimgi-k-kserke.html#sigFreeId918099b779