Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының «Дельта» учаскесі 2012 жылдың 12 қазанында халықаралық статус алып, Рамсар конвенциясының тізіміне енген Кіші Арал теңізі мен Сырдария өзенінің сағасындағы 330 га құрайтын сулы-батпақты өңірлерге жатады. Зерттеушілердің мәліметтеріне сәйкес бұл аумақ 200 мыңға жуық жыл құстары мен осы жерлерде ұялайтын құстар және балықтың сирек кездесетін түрлері үшін өте маңызды.
Рамсар тізіміне ену - халықаралық маңызды сулы-батпақты өңір атанған аумақтың құндылығын халықаралық дәрежеде мойындауды білдіреді.
Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығында өзекті өсімдіктер флорасына 325 түрі жатады. Барсакелместе 253 түр, ал Қаcқақұланда 101 түр және Дельтада 112 түр тіркелген.Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген 5 түр өсімдіктер бар.
Қорықтың жануарлар дүниесі өте алуан түрлі. Омыртқасыздар әлімі өкілдері өте көп, тек насекомдардың өзінің 12 отрядтан 2000 –дай түрі кездеседі.
Қосмекенділердің кең таралған екі түрі кездеседі – жасыл құрбақа мен көлбақа. Бауырымен жорғалаушылардың 12 түрі белгілі.
Қорықта жылдың әр-түрлі мезгілінде 250 түр құстар кездеседі, оның ішінде 33 түрі Қызыл кітапқа енгізілген.
Сүтқоректілер фаунасы едәуір көп түрлі – 28 түр. Оның үшеуі – құлан, қарақұйрық, шағыл мысығы Қызыл кітапқа енгізілген. Сирек жануарлардың санының өсуіне және сақталуына қорық тәртібі қолайлы жағдай туғызады.
Зоопланктондардың (қалқыма су организмдері) 85 түрі, соның ішінде 4 сирек кездесетін және 2 эндемикалық түрлері бар.
Кіші Аралда кездесетін 22 балық түрінің 18 түрі кәсіптік және 4 түр Қызыл кітапқа енгізілген.


#барсакелмес #барсакельмес 

#barsakelmes #сулыбатпақтыөңірлер 

#водноболотныеугодья #wetlands
#barsa #barsakelmes_reserve 

#barsakelmesnaturereserve 

#Барсакелмес_МТҚ  #барсакелмес_мтқ 

#барсакельмесский_гпз #Барсакельмесский_ГПЗ