Республикалық "Парктер шеруі" табиғатты қорғау акциясы Арал өңірінде 2000 жылдан бастау алып, "Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы" республикалық мемлекеттік мекемесімен жүргізіліп келеді. "Парктер шеруі" табиғатты қорғау акциясы мектеп оқушылары мен жасөспірімдерді отансүйгіштік пен табиғатты аялауға, туған өлкесіне жанашырлықпен қорғауға тәрбиелеуге үлкен маңызға ие. Сонымен қатар, жергілікті халық арасында табиғи ортаны ластамауға, дала және орман өрттерінің алдын алуға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында таптырмас құрал.
"Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы" РММ осы жылы "Парктер шеруі-2022" акцияның қорытындысы бойынша еліміздің Ерекше қорғалатын табиғи аумақтары арасында 2 орынға ие болды.
#парктершеруі
#маршпарков
#парктер_шеруі
#парктершеруі2022
#парктер_шеруі_2022
#марш_парков
#маршпарков2022
#марш_парков_2022