Жастар - қай заманда, қай елде болмасын асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы. Олар қай кезде де, қай қоғамда да белсенді буын өкілдері. Еліміздегі жас буын өкілдері мемлекетіміздің жаңа келбетін қалыптастырады. Олардың жаңа белестерге деген ұмтылысы жаңа идеялардың туындауына себепші болады. Өңіріміз табиғат байлығына кенде емес. Осы құндылықтарымызды көздің қарашығындай қорғау алдымен әрбір адамзаттың парызы. «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» РММ-нің қызметкерлері өскелең ұрпақты отансүйгіштік пен табиғатты аялауға, туған өлкесіне жанашырлықпен қорғауға, жергілікті халық арасында табиғи ортаны ластамауға шақырып, дала және орман өрттерінің алдын алуға арналған үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп келеді.
«Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» РММ қызметкерлері аудан бойынша көгалдандыру, тазалық жұмыстары және түрлі экологиялық іс-шараларды ұйымдастыруда белсенді жұмыс атқаруда.
Туған жердің табиғатының жасыл желекке бөленіп, айналамыздың тазарып, көзге көрікті болып тұруы әрбір жас ұрпақтың қолында!
https://barsakelmes.kz/kz/zhanaly-tar/270-12-tamyz-zhastar-k-ni.html#sigFreeId5eadebcbc9