Ғылыми – зерттеу жұмыстары
Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының ғылыми – зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары төмендегідей:
• табиғи комплекстерінің және жеке компонентерін есепке алу;
• биоценоздар мен олардын компонентері және де сирек кездесетін, жойылып кету қаупінде тұрған негізгі, сонымен қатар, индикаторлық өсімдіктер мен жаңуарлар түрлерінің жағдайының кешенді мәліметтерін жинақтау;
• табиғи комплекстерге мониторинг жүргізіп, табиғи құбылыстармен бірге антропогендік әсерлердің өзгерістерін бақылап, «Табиғат жылнамасына» енгізу;
• табиғи комплекстердің биологиялық алуантүрлілікті және жекеленген организмдер түрлерін қалыпына келтіруге, тиімді пайдалануға, қорғауға ғылыми негізде ұсыныстар әзірлеу.
Сондай-ақ, мекемеде 5 тақырып бойынша зерттеу жұмыстары жүргізіледі:
1. «Табиғат жылнамасы» бағдарламасы бойынша Барсакелмес МТҚ табиғат кешенінде жүріп жатқан құбылыстар мен процестерді бақылау.
2. Арал теңізіндегі гидрологиялық ахуалдың және климатының өзгеруі жағдайындағы Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы өсімдіктерінің динамикасы.
3. Индикаторлық түрлер мысалында Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының қосмекенділері мен бауырымен жорғалаушылары популяцияларының қазіргі таңғы жай-күйі.
4. Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы құстарының индикаторлық түрлерінің мониторингі.
5. Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығындағы құландардың популяциясы және олардың жай-күйі.
Барсакелмес қорығы құрылған уақыттан бастап жоғарғы сатыдағы өсімдіктерді, құстар мен сүтқоректілерді түгендеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде қорықтағы жануарлар мен өсімдіктердің тізімі толықтырылып отырады. Жыл сайын «Табиғат жылнамасы» жүргізіледі. Сонымен қатар қорықта жыл сайын фенологиялық және метеорологиялық бақылаулар жүргізіледі, әрбір мемлекеттік инспекторларға фенологиялық алаңдар берілген. Мемлекеттік инспекторлар ғылым бөлімінің басшылығымен жануарларға бақылау және санақ жұмыстарын жүргізеді.
Ғылым бөлімінің қызметкерлері фенологиялық, метеорологиялық бақылау және жануарларға санақ жүргізуге арналған әдістемелік нұсқаулығын жасап, жұмыстың нәтижесін арттыру мақсатында әрбір инспекторға таратылып беріледі.