Республикалық "Парктер шеруі" табиғатты қорғау акциясы Арал өңірінде 2000 жылдан бастау алып, "Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы" республикалық мемлекеттік мекемесімен жүргізіліп келеді. "Парктер шеруі" табиғатты қорғау акциясы мектеп оқушылары мен жасөспірімдерді отансүйгіштік пен табиғатты аялауға, туған өлкесіне жанашырлықпен қорғауға тәрбиелеуге үлкен маңызға ие. Сонымен қатар, жергілікті халық арасында табиғи ортаны ластамауға, дала және орман өрттерінің алдын алуға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында таптырмас құрал.
Осы жылы "Парктер шеруі-2022" акцияның ашылу салтанаты Жаңақұрылыс елді мекенінде Арал теңізі күнінде, яғни 26-наурыз күні өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар өз өнерлерін паш етіп, табиғат қорғау және туған өлке табиғаты тақырыбында эссе жазып, бейне өнерлерімен де таныстырды.
https://barsakelmes.kz/kz/zhanaly-tar/236-parkter-sherui-2022-barsakelmes-ory-ymen-birge.html#sigFreeId47b216061e