Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 шілдедегі №484 қаулысына сәйкес Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының көлемі Сырдария өзенінің Кіші Арал теңізіне құяр сағасындағы «Дельта» учаскесін (2300 га) қосу арқылы ұлғайды, қорықтың жалпы аумағы 163 126 га.
«Дельта» учаскесі 2300 га құрайды. «Дельта» учаскесі 2012 жылдың 12 қазанында халықаралық статус алып, Рамсар конвенциясының тізіміне енген Кіші Арал теңізі мен Сырдария өзенінің сағасындағы 330 га құрайтын сулы-батпақты өңірлерге жатады. Зерттеушілердің мәліметтеріне сәйкес бұл аумақ 200 мыңға жуық жыл құстары мен осы жерлерде ұялайтын құстар және балықтың сирек кездесетін түрлері үшін, мысалы арал албырты және арал қаязы, маңызды.
Сырдария өзенінің құяр сағасы Қазақстанның сулы-батпақты өңірлерінің ішінде маңыздылығы бойынша 4 орынды алып отыр және де ол биоәркелкелігімен ерекшеленеді.
Рамсар тізіміне ену - халықаралық маңызды сулы-батпақты өңір атанған аумақтың құндылығын халықаралық дәрежеде мойындауды білдіреді.