Орманшының әрбір жұмыс күні табиғат аясында өтеді. Оның сөмкесіндегі әр заттың өзіндік маңызы бар.
Рация – әріптестермен байланыс орнату үшін.
GPS навигатор – бағытты анықтап, қажетті аумақты табу үшін.
Дәптер мен қалам – бақылау нәтижелерін тіркеу үшін.
Дүрбі – жабайы жануарларды алыстан бақылау үшін.
Алғашқы көмек қобдишасы – күтпеген жағдайларда көмек көрсету үшін.
Әр зат орманшының күнделікті жұмысында маңызды рөл атқарады. Өйткені орманшының міндеті – табиғатты бақылау ғана емес, оны қорғау, сақтау және келер ұрпаққа аман жеткізу.
Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы – табиғаттың тынысын күзеткен қорықшылар мекені!
https://barsakelmes.kz/kz/zhanaly-tar/2230-ormanshyny-s-mkesinde-ne-bar.html#sigFreeId19cec59af0










