Дүниежүзілік жануарларды қорғау күніне орай Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері «Қорықтың биоәркелкілігі» тақырыбында далалық сабақ өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жануарлар дүниесінің алуан түрлілігін таныстыру, сирек кездесетін және қорғауға алынған жануарлар туралы білімді арттыру, сондай-ақ табиғатты қорғауға деген жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Далалық сабақ барысында қатысушылар қорықтың табиғи ерекшеліктері мен биологиялық алуан түрлілігі туралы мағлұмат алып, қорық аумағында мекендейтін жануарлар дүниесімен танысты. Сонымен қатар табиғи экожүйелердің тұрақтылығын сақтауда жануарлардың алатын орны және оларды қорғаудың маңыздылығы түсіндірілді.
Барсакелмес қорығының басты міндеттерінің бірі – табиғи кешендер мен жануарлар дүниесін сақтау, сирек кездесетін түрлерді қорғау және кейінгі ұрпаққа табиғи мұраны аман жеткізу.
Табиғатты қорғау – бүгінгі күннің міндеті ғана емес, болашақ алдындағы жауапкершілік.
https://barsakelmes.kz/kz/zhanaly-tar/2210-d-niezh-zilik-zhanuarlardy-or-au-k-nine-oraj-ory-ty-bio-rkelkiligi-ta-yrybynda-dalaly-saba-tti.html#sigFreeIdf5b6eaf0ba










