«Бутаков мүйісі» экомаршрутының туристік-экскурсиялық маңызы бар. Жүру сипатына қарай автомобилді және жаяу жүріс. Соқпаққа келген адам саны 5-7-ден аспауы керек. Аялдамаларды есепке алғанда жүру уақыты 10 сағат 55 минут, ұзақтығы 274 км. Қаратерең елді мекенінен басталып Кердері-1 ТМЕ – Кордон – А.И. Бутаков стелласы – Бутаков мүйісін қамтып, қайта Қаратерең елді мекенімен аяқталады.

«Барсакелмес» кластерлік бөлігіне жақын орналасқан «Кердері-1», «Кердері – 2» археологиялық қазындалыр да көптеп қызығарлық жерлер. Арал теңізінің құрғап қалған түбінде ХІІ ғасырға жататын, Кердері-1, Кердері-2 қалаларының руиналары табылған.

Кердері — Арал теңізінің кепкен табанынан табылған кесене. Шамамен XI—XIV ғасырларға жатқызылады. Ұзақ уақыттар бойы 20 м тереңдікте жатқан. 2001 жылдың 27 шілдесінде Қызылорда мемлекеттік университетінің археологиялық экспедициясы нәтижесінде табылды.

1848 жылы Арал теңізінің жағалауларын және аралды зерттеу А.И.Бутаков бастаған экспедицияға тапсырылған. Экспедиция алғаш рет Барсакелмес аралын 2 жылдай зерттеп, көлемі, пішініне, топырығына, рельефіне, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне сипаттама берген. Осы экспедиция құрамында Украинаның көрнекті жазушысы мен сүретшісі Т.Г.Шевченко болған. Оның Барсакелмес аралы туралы салған суреттері қазіргі таңда Санкт-Петербургтегі Теңіз Мұражайында және Т.Г. Шевченко мұражайында көрініске қойылған. 100 жылдан соң Барсакелмес аралының оңтүстік батыс бөлігінде А.И.Бутаковке арнап ескерткіш тақта (Стелла) орнатылды.

Соқпақ жаяу Батыс Кебірсай арқылы беткейге көтеріліп жусанды даламен Бутаков мүйісінде орналасқан А.И.Бутаков экспедициясына арналған есткерткіш арқылы өтіп, оңтүстік бөлігіндегі тік жарларға жетіп тоқтайды. Бұл арадан Үлкен Арал теңізін көруге болады. Сонымен қатар, шөлді аймақтарда өсетін сексеуіл, бұйырғын, жусан, ит жуа т.б өсімдіктерді кездестіруге болады. Жаяу жүру соқпағының ұзындығы 2 км-ге созылған.

 

Соқпақтың (маршруттың) жіктемесі:

1)  бағыты бойынша: туристік-экскурсиялық, ғылыми-танымдық, оқу-ағартушылық;

2)  орналасу түрі бойынша: аралас - автомобильді, жаяу жүріс;

3)  қолданыс уақыт бойынша: маусымдық;

4)   ұйымдастыру нысаны бойынша: топтық;

 

Маршруттың жұмыс істеу мерзімі 1 сәуірден 30 маусым және 15 тамыздан 30 қазанға дейін.

Шілде айында ауа температурасының өте жоғары болуына (+40°С және одан аса) байланысты өрт қауіпсіздігі үшін рекреакциялық жүктемеге және туризмге қатаң тиым салынады. Негізгі рекреакциялық жүктеме көктемгі айларында болады (сәуір, мамыр, маусым). Күз айларында ауа-райы жағдайларына сәйкес тамыз айының ортасынан қазан айының ортасына дейін туристерді қабылдау мүмкіндігі бар. Туристердің алғашқы легі сәуір айының 1 жұлдызынан басталады. Басым көпшілігі сәуір айының 15 мен мамыр айының 25 аралығында болады.

Экскурсия экскурсоводсыз соқпақтарда жүруге тиым салынады. Маршрут Арал теңізінің кепкен табанын қамтиды. Бұл жерлер жолсыз әрі барлық маршрут бойында электр желілері, мобильді желілер жоқ.Топ мүшелері өздерімен арнайы бұйымдар: күннен және желден қорғануға бас киім, көзәйнектер, көлеңкелегіштер, ауыз су құйылған құтылар мен алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмек қорапшасын алып жүруі тиіс.

Маршрутта жүру жоспары

 

 

р/с

Соқпақтың(маршруттың)

учаскесі

     

Ұзындығы,

шаршы метр

 

Қозғалыс

уақыты

 

Аялдау

уақыты

Қарап-көру

алаңының, суретке түсіру

пункттерінің

        бастап

        дейін

1

 

Қаратерең елді мекені

Кердері-1 тарихи ескерткіші

 

100

 

2 сағ 30 мин

 

10 мин

 

№1

2

Кердері-1 тарихи ескерткіші

Кордон

 

20

 

60 мин

 

30 мин

 

№2

3

Кордон

А.И.Бутаков ескерткіші

 

10

 

20 мин

 

10 мин

 

№3

4

А.И.Бутаков ескерткіші

Бутаков мүйісі

 

2 км

 

60 мин

 

15 мин

 

№4

5

Бутаков мүйісі

А.И.Бутаков ескерткіші

 

 2 км

 

60 мин

 

-

 

-

6

А.И.Бутаков ескерткіші

Кордон

10

 

20 мин

 

40 мин

 

№2

7

Кордон

 Қаратерең елді мекені

130

 

3 сағ 00 мин

 

-

 

-

Барлығы:

274

9 сағ 10 мин

1 сағ 45 мин

 

Барлығы:

 

10 сағ. 55 мин