2026 жылғы тамыз айында Арал қаласында 8-ші Арал жазғы мектебі (Aral Sea Summer School 2026) өтті. Биылғы іс-шара «Тұрақты даму үшін білім беру: білімнен нақты нәтижеге дейін» тақырыбына арналды. Жазғы мектепке Қазақстан және шетелдік ұйымдардың өкілдері, ғалымдар, сарапшылар мен жас мамандар қатысып, Арал өңірінің экологиялық мәселелері, су ресурстарын сақтау, биоалуантүрлілікті қорғау және өңірдің тұрақты дамуы жөнінде пікір алмасты. Іс-шара аясында «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» РММ директоры Хамит Каниев те қатысып, спикер ретінде қорықтың табиғи аумақтарды қорғау, биоалуантүрлілікті сақтау және ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы баяндама жасады. Жазғы мектептің өткізілуі Арал өңірінің табиғатын қорғау бағытындағы тәжірибе алмасуға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға маңызды мүмкіндік берді.