«Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» РММ-де сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметкерлердің әдеп нормаларын сақтау және жеке жауапкершілігін арттыру мақсатында жоспардан тыс жиналыс өткізілді.
Жиын барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптары, Әдеп кодексінің нормалары және мемлекеттік қызметшілер мен қызметкерлердің жеке жауапкершілігі мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында қызметтік міндеттерді адал әрі жауапкершілікпен орындау, заң талаптарын қатаң сақтау және сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу қажеттілігі атап өтілді.
Заң талаптарын сақтау – әр қызметкердің басты міндеті!
https://barsakelmes.kz/kz/zhanaly-tar/2161-barsakelmes-memlekettik-tabi-i-ory-ynda-sybajlas-zhem-orly-a-arsy-is-sharalar-tkizildi.html#sigFreeId3ddabf3a1f










