Бүгін Арал ауданында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.
Тазалық шарасына мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, құқық қорғау органдарының өкілдері, білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларының мамандары, кәсіпкерлер, жастар, еріктілер, қоғамдық ұйымдар мен аудан тұрғындары белсене қатысып, туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.
Сенбілік барысында елді мекен көшелері, қоғамдық орындар, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпкерлік нысандарының аумақтары қоқыстан тазартылды.
«Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері де «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына белсене қатысып, қоршаған ортаның тазалығын сақтау ісіне өз үлестерін қосты. Табиғатты қорғау – әрбір азаматтың ортақ міндеті әрі экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызды негізі болып табылады.
https://barsakelmes.kz/kz/zhanaly-tar/2141-taza-aza-stan-aral-audanynda-au-ymdy-senbilik-tti.html#sigFreeId21b12e06dc










