Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде «Таза аймақ» атты тазалық жұмыстарын жүргізді.

Аталған іс-шараның мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, табиғатқа жанашырлықпен қарау мәдениетін қалыптастыру және экологиялық жауапкершілікті арттыру. Шара барысында қорық аумағында тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, аумақтарды ретке келтіру, қоқыстарды жинау және табиғи ортаның көркін сақтау бағытында жұмыстар атқарылды.

Табиғатты қорғау – болашақ ұрпақ алдындағы маңызды міндеттердің бірі. Осындай игі бастамалар арқылы қоршаған ортаны аялау, табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану және экологиялық сана-сезімді нығайту көзделеді.

Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының ұжымы табиғатты қорғау мен экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып келеді. Туған жердің тазалығы мен табиғи байлығын сақтау – баршамызға ортақ парыз.

Таза аймақ – таза табиғаттың, таза табиғат – салауатты өмірдің негізі.