Жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Таза өлке» тазалық жұмыстары ұйымдастырылды
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері табиғатты қорғау және қоршаған ортаның тазалығын сақтау мақсатында «Таза өлке» атты экологиялық тазалық шарасын ұйымдастырды.
Іс-шара барысында қорық аумағында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп, тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстар жиналды. Сонымен қатар қызметкерлер табиғи ортаның тазалығын сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәселелеріне ерекше назар аударды.
Табиғатты қорғау – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Қоршаған ортаның тазалығы адамдардың денсаулығына, қоғамның әл-ауқатына және келешек ұрпақтың жарқын болашағына тікелей әсер етеді. Сондықтан табиғатты аялау, оның байлығын сақтау және тазалығын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу маңызды.
Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы алдағы уақытта да табиғатты қорғауға бағытталған экологиялық акциялар мен қоғамдық маңызы бар іс-шараларды тұрақты түрде ұйымдастырып, экологиялық мәдениетті дамытуға өз үлесін қоса береді.
Таза табиғат – дені сау ұрпақтың кепілі, ал қоршаған ортаға жанашырлық таныту – әрбір азаматтың азаматтық борышы.
View the embedded image gallery online at:
https://barsakelmes.kz/kz/zhanaly-tar/2086-zhalpy-ltty-taza-aza-stan-ekologiyaly-aktsiyasy-ayasynda-taza-lke-tazaly-zh-mystary-jymdastyryldy.html#sigFreeIdaf1c1f8799
https://barsakelmes.kz/kz/zhanaly-tar/2086-zhalpy-ltty-taza-aza-stan-ekologiyaly-aktsiyasy-ayasynda-taza-lke-tazaly-zh-mystary-jymdastyryldy.html#sigFreeIdaf1c1f8799










