Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығында қызметкерлер арасында «Жемқорлықсыз қоғам» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жиналысы өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, заң талаптарын сақтау және қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру болды.
Жиналыс барысында мекеме заңгері Ғ. Үмбетов сыбайлас жемқорлықтың мемлекет дамуына, экономиканың өркендеуіне кері әсер ететін өзекті мәселе екенін атап өтті. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет пен еңбек міндеттерін атқару кезінде заңдылық, ашықтық және адалдық қағидаттарын қатаң сақтау қажеттігіне тоқталды.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында қабылданып жатқан шаралар, қолданыстағы заңнамалар мен қызметтік әдеп нормалары түсіндірілді. Қызметкерлерге өз қызметінде жауапкершілік пен адалдық таныту, кез келген құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамда жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы жеткізілді.
Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы ұжымы заң талаптарын мүлтіксіз сақтай отырып, ашықтық пен әділдік қағидаттарын басшылыққа алады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – әрбір азаматтың ортақ міндеті және елдің тұрақты дамуының маңызды кепілі.
View the embedded image gallery online at:
https://barsakelmes.kz/kz/zhanaly-tar/2083-barsakelmes-memlekettik-tabi-i-ory-ynda-yzmetkerler-arasynda-zhem-orly-syz-o-am.html#sigFreeId3d64ece503
https://barsakelmes.kz/kz/zhanaly-tar/2083-barsakelmes-memlekettik-tabi-i-ory-ynda-yzmetkerler-arasynda-zhem-orly-syz-o-am.html#sigFreeId3d64ece503










