«Таза Қазақстан» және «Парктер шеруі – 2026» экологиялық акциялары аясында қала мектептерінде «Қорықтық режим дегеніміз не?» және «Дала және орман өрттерінен сақтанайық» тақырыптарында экологиялық дәріс-сабақтар ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында оқушыларға қорықтық режимнің маңызы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы табиғатты сақтау талаптары, биоалуантүрлілікті қорғау және табиғи экожүйелерді сақтау мәселелері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, дала және орман өрттерінің туындау себептері, олардың қоршаған ортаға тигізетін зияны, өрттің алдын алу шаралары мен табиғат аясындағы қауіпсіздік ережелері жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Дәріс соңында қатысушыларға табиғатты қорғау, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы ақпараттық үнпарақтар таратылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың табиғатқа деген жанашырлық көзқарасын қалыптастыру, экологиялық сауаттылығын арттыру және қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін күшейту.