Ауданымызда әлеуметтік жағынан аз қамтылған балаларды қолдау мақсатында ұйымдастырылатын «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы жыл бойы жүргізілуде.
2021-2022 оқу жылында «Мектепке жол» акциясы аясында тұрмысы төмен, аз қамтылған отбасы балаларына демеушілер тарапынан көмектер ұйымдастырылуда.
Акция аясында Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы (ПРООН)/ Халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстан Республикасындағы Атқарушы Дирекциясы/ "Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы" РММ демеушілігімен 700 мың теңгеге 175 оқушы сумкамен қамтамасыз етілді.
Айта кетерлік жайт, Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы еліміздің бірқатар ұйымдарымен бірлесе отырып, Арал ауданы тұрғындарына әрдайым көмек көрсетіп келеді
https://barsakelmes.kz/kz/zhanaly-tar/203-mektepke-zhol-aktsiyasy.html#sigFreeId3988b369f4