Дүниежүзілік жойылып бара жатқан түрлер күніне орай дәріс - сабақтар өткізілді.

Жалпыұлттық экологиялық "Таза Қазақстан" және «Парктер шеруі» табиғат қорғау акциялары аясында Дүниежүзілік жойылып бара жатқан түрлер күніне орай табиғатты қорғау және биоалуантүрлілікті сақтау бағытында экологиялық дәріс-сабақтар өткізілді.
Дәріс - сабақтардың мақсаты – сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарлар мен өсімдіктер түрлерін қорғаудың маңызын түсіндіру, жас ұрпақтың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Сабақ барысында оқушыларға Қазақстан аумағында қорғауға алынған сирек түрлер, олардың тіршілік ортасы, экожүйедегі рөлі және оларды сақтаудың ғылыми негіздері туралы ақпараттар берілді. Сонымен қатар табиғи тепе-теңдікті сақтау мен қорықтардың биоалуантүрлілікті қорғаудағы маңызы кеңінен насихатталды.
Табиғатты қорғау – болашақ ұрпақ алдындағы ортақ жауапкершілік. Сирек түрлерді сақтау арқылы біз табиғи мұраны келер ұрпаққа аман жеткізуге үлес қосамыз.