Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері Дельта учаскесінде «Таза жағалау» экологиялық акциясын өткізді. Аталған шара «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы мен «Парктер шеруі» табиғатты қорғау акциясы аясында ұйымдастырылды.
Акцияның негізгі мақсаты – табиғи аумақтардың тазалығын сақтау, қоршаған ортаның ластануына жол бермеу, тұрмыстық қалдықтардың табиғатқа тигізетін кері әсерін азайту және тұрғындар мен жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Іс-шара барысында қорық аумағындағы жағалау бөліктері тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, жиналған қоқыстар арнайы белгіленген орындарға шығарылды. Сонымен қатар табиғатты таза ұстау, су айдындарын қорғау және биоалуантүрлілікті сақтау бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Табиғатты қорғау – әр азаматтың ортақ міндеті. Қоршаған ортаның тазалығы мен табиғи тепе-теңдікті сақтау болашақ ұрпақ үшін маңызды құндылық болып табылады.
https://www.barsakelmes.kz/kz/zhanaly-tar/2010-taza-zha-alau-ekologiyaly-aktsiyasy-tti-2.html#sigFreeIda4fc181545










