2021 жылдың тамыз айында Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығында Қазақ-неміс университетінің Орталық Азия мемлекеттері өкілдеріне арналған Арал теңізіндегі кезекті жаздық лагері танымдық жұмыстар жүргізді. Лагерьге табиғат қорғау саласына, оның ішінде Арал теңізі мәселесіне қызығушылық танытып, өз жобалары мен ғылыми жұмыстарын жүргізіп жүрген белсенді магистранттары қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар Арал теңізі және оның мәселелерімен етене таныса отыра, өз көздерімен сол аумақтарды көру мүмкіншілігіне және де Арал теңізімен тағдырлас Барсакелмес қорығын көріп-білу мүмкіншіліктеріне ие болды.
https://barsakelmes.kz/kz/zhanaly-tar/200-aral-te-izindegi-zhazdy-lageri.html#sigFreeId72bc662dc9