Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының "Дельта" учаскесінде кең ауқымды " Таза өлке" экологиялық тазалық акциясы ұйымдастырылды.
Сырдария өзенінің Кіші Арал теңізіне құяр сағасында Барсакелмес қорығының қызметкерлері табиғи аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазартты.
Акция барысында қатысушылар қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, табиғатқа жанашырлықпен қарау мәдениетін насихаттады. Аталған іс-шара елімізде жүзеге асырылып жатқан "Таза Қазақстан" ұлттық экологиялық акциясы аясында өтті.
Табиғатты аялау – әрбір азаматтың парызы!
Таза табиғат – болашақ ұрпаққа аманат.
https://barsakelmes.kz/kz/zhanaly-tar/1968-taza-lke-ekologiyaly-aktsiyasy-tti.html#sigFreeId26ea3a2455










