Саршұнақтардың ең ірісі. Денесінің ұзындығы – 23-37 см, құйрығы – 7-9 см, салмағы – 600-1600 г. Денесінің жоғарғы бөлігінің бояуы құмды-сары, бүйірлері – сұрғылт-қуаңсары, қарны – ақшыл, жоса-сары түсті.
Негізгі мекендеу ортасы – саз шөлдер, шөлейттер, сондай-ақ бекітілген құм. Жусанды-бұйырғынды, жусанды-көкпекті, жусанды-астықты өсімдігі бар учаскелерді таңдайды. Қорықта барлық жерде кездеседі.
Саршұнақ індері бір-бірінен 20-50 м қашықтықта орналасады және тік және көлбеу жолдары бар. Көлбеу індерінің маңында диаметрі 2-3 м дейін және биіктігі 15-30 см жер тастандылары бар.
Саршұнақтар күндіз белсенді, салқын таңертеңгі және кешкі сағаттарда аса белсенді. Кішкентай аңдар 8-9 айға созылатын жазғы-қысқы (маусымның ортасы-соңынан бастап ақпанды қоса алғанда) ұйқыға батады.
Қауіп болған кезде саршұнақтар өзіне тән қалпы – тігінен тұрып, қатты ысқырады.
P.s. мәліметтер Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының биоалуантүрлілігіне мониторинг жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдардан алынған
#Барсакелмес_МТҚ
#Барсакельмесский_ГПЗ
#БМТҚ_жануарларəлемі_айдары
#рурика_животныймир_БГПЗ
https://barsakelmes.kz/kz/zhanaly-tar/196-sarsh-na-spermophilus-fulvus.html#sigFreeIdf041c5c133