Парктер шеруі және Таза Қазақстан аясында 7-сынып оқушылары арасында "Жас экологтар" атты танымдық сайыс ұйымдастырылды.
Сайыс "Bio-кросс квест" тақырыбында өтіп, оқушылардың экологиялық білімін тереңдетуге және табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталды.
Іс-шара барысында қатысушылар бірнеше кезеңнен тұратын тапсырмаларды орындап, өздерінің білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін, шапшаңдықтары мен ұйымшылдығын көрсетті. Әр кезеңде оқушылар табиғат, қоршаған орта, биоалуантүрлілік және экология тақырыптары бойынша білімдерін сынап, тәжірибелік дағдыларын жетілдірді. Бұл сайыс оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне бейжай қарамауға тәрбиелейді.
https://www.barsakelmes.kz/kz/zhanaly-tar/1912-bio-kross-kvest-7-synyptar-arasynda-zhas-ekologtar-sajysy-tti.html#sigFreeIdb2b604e7f9










