"Өз ағашыңды отырғыз" атты экологиялық іс-шара аясында Руханият ғимаратының ауласына Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы қызметкерлері ағаш көшеттерін отырғызды. Аталған шара Таза Қазақстан және Парктер шеруі республикалық экологиялық акциялары аясында ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – елді мекендерді көгалдандыру, қоршаған ортаның экологиялық жағдайын жақсарту және тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру. Ағаш отырғызу арқылы қатысушылар табиғатты қорғауға өз үлестерін қосып, жасыл желекті көбейтуге атсалысты.
Мұндай игі бастамалар табиғатты сақтауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және болашақ ұрпаққа таза әрі көркем қоршаған орта қалдыруға бағытталған. Бүгін отырғызылған әрбір көшет – ертеңгі күннің саялы бағы мен таза ауасының кепілі....
https://barsakelmes.kz/kz/zhanaly-tar/1881-z-a-ashy-dy-otyr-yz-is-sharasy-tkizildi.html#sigFreeIdadcfd0fbc6










