«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері сенбілік жұмыстарын ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты – табиғатты қорғау, қоршаған ортаның тазалығын сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Қызметкерлер қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлестерін қосып, табиғатты аялау – әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін көрсетті. Осындай игі шаралар табиғатты қорғауға деген жауапкершілікті арттырып, қоршаған ортаның таза әрі көрікті болуына өз септігін тигізеді.
https://barsakelmes.kz/kz/zhanaly-tar/1851-taza-aza-stan-ekologiyaly-ba-darlamasy-ayasynda-senbilik-jymdastyryldy-3.html#sigFreeId6d07bf69d3










