«Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының биоәркелкілігі» тақырыбында мекеменің кеңсе ғимаратында орналасқан Фотокөрме залында танымдық серуен ұйымдастырылды. Серуен-сабақты ғылым бөлімінің қызметкері Ф.Меңдібаева жүргізді, аталмыш іс шараға бастама болып Арал қаласының №13 орта мектебінің мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Сонымен қатар, кездесу барысында оқушылар Барсакельмес қорығының өсімдіктер мен жануарлар дүниесі туралы қызықты ақпараттар алып, қорықтың құрылу тарихымен танысты.