Қызылорда қаласында Сыр медиа ғимаратында Халықаралық құстар күніне арналған жас суретшілердің көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шара «Таза Қазақстан» және «Парктер шеруі» экологиялық акциялары аясында өтті. Шығармашылық шараны Art studio Safi облыстық Кызылординские вести газетімен және Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы бірлесіп ұйымдастырды. Халықаралық құстар күні – жыл сайын 1 сәуірде аталып өтетін экологиялық мереке. Оның мақсаты – құстардың алуан түрлілігін сақтау, оларды қорғауға қоғам назарын аудару және табиғатқа ұқыпты қарауды насихаттау. Көрмеге Art studio Safi студиясының 6 мен 17 жас аралығындағы 38 тәрбиеленушісі қатысты. Жас суретшілер өз жұмыстарында синица мен үкіден бастап тукан мен тотықұсқа дейінгі түрлі құстарды бейнеледі. Көрменің ерекшелігі – барлық суреттер газет беттеріне салынған. Көрме барысында Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы мамандары құстардың экожүйедегі маңызды рөлі туралы айтып, олардың жәндіктер мен кеміргіштер санын реттеудегі, өсімдік тұқымдарын таратудағы, гүлдерді тозаңдандырудағы және қоршаған ортаны тазартудағы маңызын атап өтті. Белсенділік танытқан жас суретшілерге Сыр медиа және Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы атынан алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды. Іс-шара соңында қатысушыларға Т. Жүргенов атындағы шығармашылық үйі бойынша экскурсия ұйымдастырылды.