Қызылорда қаласында «Таза Қазақстан» және «Парктер шеруі» экологиялық акциялары аясында Жоғары медициналық колледж студенттерімен «Табиғаттың болашағы – біздің қолымызда!» атты экокездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне назар аудару және табиғатқа жауапкершілікпен қарау қағидаларын насихаттау болды.
Кездесу барысында Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының экологиялық ағарту ісі жөніндегі бас инженері А. Есенова студенттерге табиғатты қорғаудың маңызы, экологиялық мәселелер және жастардың табиғатты сақтаудағы рөлі туралы дәріс оқыды. Қатысушылар қоршаған ортаны қорғау бағытындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, экологиялық білімдерін толықтырды.
Іс-шараның практикалық бөлімінде студенттер колледж аумағында көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп, табиғатты қорғау ісіне нақты үлес қосты.
Мұндай экологиялық кездесулер жастар арасында табиғатқа жанашырлық көзқарасты қалыптастырып, экологиялық жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.