Бүгін Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығында №260 мектептің жас табиғат жанашырларына 26 наурыз – Арал теңізі күніне орай танымдық сабақ ұйымдастырылды.
Сабақ барысында оқушыларға Арал теңізінің тарихы, экологиялық жағдайы және табиғатты қорғаудың маңызы туралы ақпарат берілді. Танымдық кездесуді мекеменің бас экологиялық ағарту инженері Алма Есенова жүргізіп, қатысушылармен ашық пікір алмасу өтті.
Шараның мақсаты – жас ұрпақтың экологиялық сауаттылығын арттыру, Арал өңірінің табиғатын қорғауға деген жауапкершілікті қалыптастыру және қоршаған ортаға жанашырлық сезімін нығайту.
Оқушылар белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті. Мұндай кездесулер жастардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, болашақта қоршаған ортаны қорғауға үлес қосуына ықпал етеді.
https://barsakelmes.kz/kz/zhanaly-tar/1730-26-nauryz-aral-te-izi-k-nine-oraj-tanymdy-saba-jymdastyryldy.html#sigFreeId0aca9eea20










