Тазарту күніне орай және «Таза Қазақстан», «Парктер шеруі – 2026» экологиялық акциялары аясында 2026 жылдың 23 наурыз күні Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері Қасқақұлан учаскесінде «Мөлдір бұлақ» экологиялық шарасын өткізді.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – табиғи су көздерін қорғау, бұлақтардың тазалығын сақтау және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Табиғат – адамзаттың баға жетпес байлығы, ал оны қорғау мен сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Шара барысында қызметкерлер бұлақ көзін қоқыстан тазарту, айналасын ретке келтіру, табиғи аумақтың санитарлық жағдайын жақсарту жұмыстарын жүргізді. Іс-шараға жалпы саны 25 қызметкер қатысып, 5 автокөлік пен 1 тіркемелі трактор жұмылдырылды. Ұйымдастырылған жұмыстардың нәтижесінде аумақтан жалпы көлемі 1 тоннаға жуық қоқыс шығарылып, табиғи орта тазартылды.
https://barsakelmes.kz/kz/zhanaly-tar/1720-m-ldir-b-la-tabi-at-tazaly-yny-kepili.html#sigFreeIdc3784668b2










