Тіршілік формасы. Жартылай бұта.

Морфологиялық сипаттамасы. Биіктігі 50 - 100 см өсімдік. Сабақтары - бұтақты, тегіс, бедерлі, жалаңаш, кейде сирек түгі кездеседі. Бұтақтары әдетте сүйір бұрыш болып қайырылған, жоғары қарай бағытталған, жапырағы көп. Астыңғы тікенектері - қатты, ұзындығы 10 - 15 мм, қалыңдығы 1 мм, жоғарғылары – жіңішке, ұзындығы 30 - 35 мм, қалыңдығы 0,5 - 0,1 мм, жоғары бағытталған. Жапырақтары – жұмыртқа тәрізді, сопақша немесе қияқты, ұшында қысқа кішкентай тістері бар, екі жағынан жайылып үлпектелген, астыңғылары – әдетте тікенектерден қысқа, жеміс беру кезінде жоғарғы жапырақтар түседі. Гүлдер – 3-8-ден, тікенектерде орналасқан; гүлсабақтар - жұмсақ қысылған-үлпектелген немесе жалаңаш, ұзындығы шамамен 1,5 - 2 мм. Гүлдің тостағаншасы – ұзындығы шамамен 3-4 мм, жалаңаш, оның тістері кең үш бұрышты, нашар дамыған немесе мүлдем көрінбейді; гүл жапырақшалары - жалаңаш немесе жайылған-түкті. Тәжі – қызғылт, қызыл немесе қызыл-күрең. Туы – ұзындығы 7 - 9 мм, ені 5 - 6 мм, ұшында сәл ғана ойығы бар, түбі кең қысқа тырнақтай етіп тарылған. Қанаттары - сопақша, ұзындығы шамамен 7 - 8 мм, ені 2 мм, ұшында жұмыртқа тәрізді, сәл ғана иілген, түбіндегі құлақшасы кең. Тырнақтары – ұзындығы 2 -3 мм, қайықша ұзындығы шамамен 8 - 9 мм, ені 3 - 4 мм, оның астыңғы шеті бойындағы пластинкасы – доға тәрізді иілген, үсті – қиғаш кесілген, соңы - доғалдау, сәл тарылған, түбіндегі құлақшасы кең. Жатыны - сызықты, мойны қысқа, жалаңаш. Бұршақтары – анық көрінеді, жалаңаш, 4-7-тұқымды. Тұқымы ұсақ, тегіс, бүйрек тәрізді.

Гүлденуі. Мамыр-маусым.

Экологиясы. Шөл, саз далаларда, сор төмен жерлерде және төбешік құмдардың маңында, кейде суарылатын жерлерде зиянкес ретінде өседі.

 

P.s. мәліметтер Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының биоалуантүрлілігіне мониторинг жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдардан алынған

#Барсакелмес_МТҚ
#Барсакельмесский_ГПЗ
#рубрика_растительныймир_бгпз
#бмтқ_өсімдіктерəлемі_айдары