№83 орта мектебінде 9-сынып оқушыларына арналған «Мамандықтар марафоны» атты мамандық үздіктерімен кездесу іс-шарасы ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – оқушыларға болашақ мамандықты дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беру және түрлі сала мамандарының тәжірибесімен таныстыру.

Іс-шараға Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының экологиялық ағарту бойынша бас инженері А.Есенова қатысып, табиғатты қорғау саласындағы қызметтің маңыздылығы мен ерекшеліктері туралы баяндады. Ол өз сөзінде қорықтағы жұмыстар, экологиялық ағарту бағытындағы іс-шаралар және қоршаған ортаны қорғау саласындағы мамандықтардың қоғамдағы рөлі жөнінде айтып өтті.

Сонымен қатар, кездесуге Арал аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкері, ММА жетекшісі мен жеке кәсіпкерлер қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, оқушылар мамандарға көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, болашақ кәсіби бағыттарын айқындауға мүмкіндік алды.