Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы мекемесінде «Әділетті және Прогрессивті Қазақстан Халықтық Конституциясы үшін!» аумақтық коалициясы өкілдерінің қатысуымен мазмұнды кездесу өтті. Басқосуға коалиция жетекшісінің орынбасары Талғат Қанатов, сондай-ақ коалиция мүшелері Айтуған Сауяев пен Абай Елешов қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты – ұсынылып отырған жаңа Конституция жобасының мазмұнын кеңінен түсіндіру, оның қоғам дамуына ықпалы мен азаматтардың құқықтық мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған нормаларын талқылау болды. Жиын барысында құжаттағы басты қағидаттар, әлеуметтік әділеттілік, заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен жауапкершілігін күшейту мәселелері жан-жақты баяндалды.

Коалиция өкілдерінің айтуынша, жаңа Конституция – елдің саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталған маңызды стратегиялық құжат. Онда мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттыру, халықтың шешім қабылдау үдерісіне қатысуын кеңейту, сондай-ақ табиғатты қорғау мен экологиялық қауіпсіздікті күшейтуге қатысты нормалар қамтылған. Бұл бағыттардың қорық қызметкерлері үшін де ерекше маңызға ие екені атап өтілді.