Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығында мектеп оқушыларына арналған «Биоалуантүрлілікті сақтау – болашаққа аманат», «Биоалуантүрлілікті сақтайық — табиғатты қорғайық» тақырыбында эко-сабақтар өткізілді.

Бұл сабақта балалар табиғаттың асыл қазынасы – биоалуантүрліліктің маңызы жайында тың деректермен танысып, сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлардың экожүйедегі рөлі туралы қызықты мәліметтер алды.

Оқушылар табиғатты қорғау тек мамандардың ғана емес, әрбір азаматтың міндеті екенін ұғынып, өз ойларымен бөлісті.

Мұндай сабақтар жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, болашақта табиғатқа жанашыр көзқараспен қарауына үлкен септігін тигізеді.

Барсакелмес қорығы – табиғаттың баға жетпес мұрасы. Оны бірге қорғап, бірге сақтайық!