Біздің қалған құладынымыздан ірі (0.5-0.75 кг, қанаттар құлашы 140 см дейін). Қара-қоңыр құс өзіне тән жыртқыш бейнелі, басы мен иығы ақшыл. Ұшу кезінде қанаттарының қаралау ұштары жақсы көрінеді. Дауысы жоғары, шаңқылдақ, осы құстың ер мінезді бейнесімен ешқалай ұйқаспайды. Бояуының түрлі болуы ғалымдардың осы түрдің топтастырылуы жөнінде дауын туғызады, кейбір ғалымдар оны бірнеше дербес түрге бөледі. Еуразияның қоңыржай және оңтүстік ендіктерін, Солтүстік Африка мен Австралияны мекендейді. Қазақстанда барлық жерінде қамыс өскен суларда тұрады. Қамыстың сынған жері мен қопасында, кейде дәл су үстінен ұялайды. 3-тен 6-ға дейін, көбінесе 4-5 жасылдау арасында дағы бар жұмыртқа салады, оларды аналық басып шығарады, ал аталық ұя аумағын қорғайды және өзіне ғана емес аналығы үшін азық тауып, оны тамақтандырады. Балапандары 40 күнге толғанда қанатымен ұшады, бірақ ата-анасы оларды ұзақ уақыт бойы күтіп-бағады. Саз құладыны түрлі жануарлар тағамымен қоректенеді – көбінесе бұл ұсақ торғайлардан бастап, ірі үйрекке дейінгі құстар, сондай-ақ саршұнақтар, бауырымен жорғалаушылар, балықтар және жәндіктер. Наурыздың ортасында ұшып келеді, ұяларынан қыркүйекте кетеді.
P.s. мәліметтер Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының биоалуантүрлілігіне мониторинг жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдардан алынған
#Барсакелмес_МТҚ
#Барсакельмесский_ГПЗ
#БМТҚ_жануарларəлемі_айдары
#рурика_животныймир_БГПЗ
https://barsakelmes.kz/kz/zhanaly-tar/153-saz-ladyny-circus-aeruginosus.html#sigFreeIda69aea2bee