Жиын барысында сыбайлас жемқорлықтың қоғамға, мемлекетке және азаматтарға тигізетін зияны туралы айтылды.
Сыбайлас жемқорлық - бұл жай ғана заң бұзушылық емес, ол мемлекеттің беделіне нұқсан келтіріп, халықтың билікке деген сенімін жоғалтуға әкелетін қауіпті құбылыс.
Сондықтан, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талаптарын бұлжытпай орындау - тек жеке тұлғаның емес, бүкіл ұжымның және қоғамның ортақ міндеті. Бұл бағыттағы күрес жүйелі және екіжақты іс-шаралар арқылы ғана нәтижелі болады.