Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері "Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында сенбілік жұмыстарын жүргізуде. Бұл шараның мақсаты - қорық аумағы мен айналасын қоқыстан тазарту, табиғатты қорғау мәдениетін насихаттау. Қорық қызметкерлері табиғатты аялауға, экологиялық жауапкершілікті арттыруға үндеу тастайды.