Парктер шеруі - бұл Қазақстанда 1996 жылдан бері өткізіліп келе жатқан халықаралық табиғат қорғау акциясы. Шараның негізгі мақсаты - табиғатқа деген сүйіспеншілікті ояту, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және белсенді өмір салтын насихаттау.
Осы орайда, Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы Арал ауданы бойынша “Парктер шеруі” табиғат қорғау акциясын жыл сайын өткізіп келеді.