Республикалық “Парктер шеруі” - 2025 табиғат қорғау акциясы және “Таза Қазақстан“ жалпыұлттық акциясы аясында 2025 жылдың 24 сәуірінде Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының ұйымдастыруымен “Табиғат - асыл қазына” жас экологтар сайысы өтті. 
Сайыстың мақсаты: Балалар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру. Куш - қуат дамыту. Эстефеталық ойындар арқылы достық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу, жылдамдық, ептілік қасиеттерін дамыту. Табиғатты қорғауға шақыру.
Жас экологтар сайысына Арал қаласындағы 11 мектептің оқушылары және ұстаздары қатысты. 
Сайыс соңында барлық қатысушылар мектеп ауласында тал отырғызды.